26 ноября 2024


БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ ҚЫСҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ

Бизнес және құқық Жоғары мектебінде экономика ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университетінің профессоры Игорь Николаевич Дубиннің «Шығармашылық және инновациялық қызметті модельдеуге теориялық-ойын тәсілдері» атты қысқы халықаралық ғылыми мектебі басталды. Мектеп «Экономика, Менеджмент және қаржы» кафедрасының магистранттарын, докторанттарын және ПОҚ оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, Ресейден келген профессор докторанттарға диссертациялық зерттеулер тақырыбы бойынша кеңес береді.