2 декабря 2024


ЭКОНОМИКА, МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ АСПЕКТІЛЕР

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Экономика, мемлекеттік басқару және құқық саласындағы ғылыми және қолданбалы аспектілер» тақырыбында «Увалиев оқулары-2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының кіші бөлімі өтті. ПОҚ, Жоғары бизнес және құқық мектебінің магистранттары мен студенттері қоғамның өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар елдің экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту және құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ойларымен алмасты.