3 декабря 2024
ФИЛОЛОГИЯ, ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МУЗЫКА САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «филология, журналистика және музыка саласындағы инновациялар» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Алимхан конференцияның өту барысы жайлы сөз сөйлеп, секция отырысының жұмысын бастап, негізгі ережелерді, жұмыс регламентін айтып түсіндіріп өтті.
Жиырмаға жуық қатысушы өз мақалаларын презентация көмегімен таныстырды. Білім алушылар филология, журналистика және музыка саласындағы инновациялар жайлы ғылыми-зерттеу мақалаларын оқып, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Алимханның баяндама бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.
Конференция соңында студенттердің мақалалары басылымға жариялансын деген шешім қабылданды.