5 декабря 2024


МҰЗДАҒЫ ШЕБЕРЛІК: АНГЕЛИНА ПЕНЯЕВА КЕРЛИНГ ТУРАЛЫ

Керлинг – бұл мұз үстінде ойналатын командалық спорт түрі, мұнда ауыр тұтқалы дискіні сырғытып, арнайы нысанаға дәл жеткізу көзделеді. Тәртіп пен дәлдік жоғары бағаланатын осы спорт түрінде Amanzholov University-дің студенті Ангелина Пеняева үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 17 жасында ол Қазақстан Республикасының спорт шебері атанып, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері болды.

Ангелинаның айтуынша, спортқа деген сүйіспеншілік оған туған ағасы Станислав Пеняев арқылы келген. Қазіргі уақытта Станислав Ангелинаның жеке жаттықтырушысы.

— Ағамның керлингке деген құштарлығы бұл спорттың қаншалықты қызықты әрі тартымды екенін көрсетті. 2021 жылдың басында мен алғаш рет жаттығуға қатыстым және осы шешіміме еш өкінген емеспін. Бұл менің өз жолымды тапқанымның белгісі болды, — деп еске алады жас спортшы.

Керлингші ретіндегі мұздағы  алғашқы қадамдар Ангелина үшін оңай болған жоқ. Алғашында техникалық әдістер мен лақтырулар өте күрделі көрінді. Бірақ тұрақты жаттығулар мен табандылықтың арқасында ол қажетті нәтижеге қол жеткізді. Уақыт өте келе Ангелинаның бойында спортқа деген құлшыныс пайда болып, ол бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Қазіргі уақытта ШҚУ студенті күнделікті өмірін сүйікті спортысыз елестете алмайды.

  — Менің әдеттегі жаттығу күнім таңертеңгі қуат беретін пайдалы таңғы аспен басталады. Одан кейін үш сағаттық қарқынды мұз жаттығулары жүреді, бұл уақытта әрбір қимыл мен әдіс толық жетілдіріледі. Мұнда мен техникамен, стратегиямен және командалық үйлесіммен жұмыс істеймін, жаттығудың әр сәтін барынша тиімді өткізуге тырысамын.

Кешкі уақытта дене жаттығуларына көңіл бөлемін. Ал оқу күндері сабақтар мен дәрістерге қатысып, білім алуға ден қоямын. Бірақ кешке міндетті түрде жаттығу жасауға уақыт табамын, — деп бөлісті қыз.

Бір қызығы, Ангелина Пеняева басқа спорт түрлерімен де айналысады. Мысалы, Солтүстік серуендеу, жүгіру, қол күресі және арқан тарту. Алайда оның жүрегінде керлинг ерекше орынға ие.

— Керлинг – бұл интеллекттің, стратегияның және шеберліктің үйлесімі. Мұнда спорттық толқынысты сезінуге болады, бірақ ешқандай агрессия немесе шамадан тыс физикалық ауыртпалық жоқ. Керлинг бірнеше қадам алға ойлауды талап етеді. Бұл мұз үстінде шахмат ойнағанмен бірдей, — дейді спортшы.

Қазіргі уақытта Ангелина Новосибирск қаласында оқу-жаттығу жиындарында, онда ол керлингтен ҚР Чемпионатына және VI қысқы Спартакиадасына дайындалуда.ҚР алтыншы қысқы спартакиадасына дайындалуда.

Айта кетейік, Ангелинаның қазіргі және болашақ жеңістері – бұл жеке жеңіс қана емес, сонымен бірге еліміздің спорт әлеміндегі мақтанышы.