6 декабря 2024


АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШҚУ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев төртінші курс студенттерімен кездесу өткізіп, жас мамандардың болашақта жұмысқа орналасу мәселелері мен ауданның даму перспективаларын талқылады.

Диалог алаңында студенттер әкімге әлеуметтік қолдау, жеке кәсіп ашу мүмкіндіктері және жас мамандардың ауданның дамуына қосар үлесі туралы сұрақтар қойды. Әсіресе, түлектердің Алтайға оралу мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысқан студенттердің басым бөлігі, әсіресе Алтай ауданының тумалары, туған жерлеріне оралып, оның өркендеуіне үлес қосуға ниетті екендіктерін білдірді.

— Сіздер дипломды маман болған кезде, туған жерге оралудан қорықпаңыздар. ШҚУ-да алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз ересек өмірге сәтті бейімделуге көмектесетініне сенімдімін. Біз сіздерді жұмысқа орналасу немесе жеке кәсіп ашу болсын, жолдың әр кезеңінде қолдауға дайынбыз, — деді Ренат Құрмамбаев.

Ашық диалог аудан басшылығының жас мамандармен серіктесуге және оларды өңір экономикасына тартуға дайын екенін көрсетті.