10 декабря 2024


ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Қазақ, орыс филологиясы және журналистикасы кафедрасы мен «Professional Upgrading» мансап орталығы қазақ тілінде оқытпайтын мектептердің өзге ұлт оқушылары арасында облыстық пәндік олимпиада өткізді.

Байқау еңбек нарығында сұранысқа ие білікті көптілді тұлғаны дамытуға бағытталған. Іс-шараға облыс мектептерінің 100-ден астам оқушысы қатысты, олардың арасынан тек 26 қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздар бес тілдік дағдыларға (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым және сөйлесу)  негізделген лингвистикалық тапсырмаларды үздік орындаған қатысушылар болды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Өскемен қаласындағы №24 мектептің 10-сынып оқушысы Мавлудахон Тұрғынова жеңіп алды. Екінші орынды Мұхтар Әуезов атындағы №17 мектептің 11-сынып оқушысы Эльван Сардаров, №34 лицей мектебінің түлегі Алина Ляшенко және №10 мектептің 10-сынып оқушысы Арина Байкова бөлісті. Үшінші орын жеке кәсіпкерлік «Бриг» мектебінің оқушысы Екатерина Асановаға, №11 мектеп-лицейінің оқушысы Анна Климошенкоға және математика, физика, информатика бағытындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицейінің оқушысы Мария Поповаға бұйырды.