11 декабря 2024


УНИВЕРСИТЕТТЕ АККРЕДИТАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Amanzholov University мамандандырылған аккредиттеуге дайындық барысына арналған онлайн кездесу өткізді. Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ирина Ровнякова, Сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Динара Сапарова, Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті директоры Ержан Домалатов және «ОСМСиА» жетекшісі Дана Ниғманова қатысты.

Кездесудің мақсаты 2025 жылға жоспарланған  «БСҚТА (IQAA)» мемлекеттік емес мекемесі өткізетін аккредиттеуге қажетті негізі кезеңдер мен рәсімдерін келісу.  Қатысушылар аккредиттеу процесіне қойылатын талаптарды, сапаны бағалаудағы халықаралық стандарттардың рөлін және белгіленген критерийлерге сәйкестігі қамтамасыз ету шараларын талқылады.