19 декабря 2024


ЭКОНОМИКА, МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Экономика, менеджмент және қаржы кафедрасында академиялық комитеттің отырысы өтті. Отырыста білім беру бағдарламаларын жаңарту және жобалау кезінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің, соның ішінде ұлттық, салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттардың талаптарына сәйкестігі қарастырылды.

«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-нің бас бухгалтері О.И. Дерябинаның айтуынша, кафедра өз жұмысын заман талабына сай жүргізуде. Айта кетейік, осы жылдан бастап оқу жоспарларына қаржылық сауаттылық және жасанды интеллект бойынша пәндер енгізілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің сұраныстары мен ұсыныстары ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізіліп, пәндер аясы кеңейтілді.