26 декабря 2024
ШҚУ ҒАЛЫМДАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ
ШҚУ ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің беделді мемлекеттік стипендияларына ие болды. «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Дастан Бүйткенов ғылым саласындағы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.
Ұлттық ғылыми зертхананың аға ғылыми қызметкері Нұрғамит Қантайға «Қазақстан Республикасының Құрметті қайраткері» атағы берілді.
PhD докторы, «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Жұлдыз Сагдолдина ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.
-Осы жетістіктердің барлығы болашақты өзгертуге, озық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау саласындағы өзгерістерге университет таңдаған бағыттың дұрыстығын көрсетеді,-деді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.