8 января 2025


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ШҚУ-ДА ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕН ӨТТІ

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы мен педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы бірлесіп «Менің мамандығым – менің болашағым» атты трансформациялық тренинг өткізді. Мектеп оқушыларына арналған шара викторинадан, ойындардан, сондай-ақ болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығын түсіндіруден тұрды. Спикерлер қатысушылардың қабілеттерін анықтауға көмектесу үшін психологиялық әдістерді қолданды. Оқушылардың айтуынша, осындай іс-шаралар өзіңді тануға оң әсерін тигізеді.