9 января 2025


МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары IT және жаратылыстану ғылымдары мектебінің физика және технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларына арналған «Математика және информатика сабақтарында қалыптастырушы бағалау технологияларын қолдану» тақырыбында халықаралық әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Қазақстанның әр аймағынан және Ресейдің Абакан қаласынан 57 педагог қатысты. Іс-шара барысында қалыптастырушы бағалау әдістері, оның ішінде «Өзара бағалау», «Жұлдыздар мен тілек», «Светофор» сияқты техникаларды қолдану жолдары талқыланды. Педагогтар бұл бағалау әдісінің оқу сапасын арттыруға, оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға, жеке оқу траекторияларын құруға қалай ықпал ететіні туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгеруге және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды тиімді ұйымдастыруға бағытталды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, жаңа идеялар мен тәжірибе алмасты.