16 января 2025


ШҚУ-ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Amanzholov University-де «ТАРА (IAAR)» Коммерциялық емес ұйымының мамандандырылған аккредитациясына дайындыққа арналған стратегиялық онлайн кездесу өтті. Іс-шара барысында Сапаны қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Динара Сапарова, Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатов және Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредитация бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Дана Нығманова жұмыс топтарымен бірге стратегияны, өзіндік есептерді тапсыру мерзімдерін, аккредитациялық процедураларға бірыңғай тәсілді әзірлеу және дайындық кезеңдерін үйлестіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар халықаралық сапа стандарттарының талаптарын қарап, қажетті критерийлерге қол жеткізуге арналған шараларды ұсынды.

Айта кетейік, университет жыл сайын мамандандырылған халықаралық аккредитациядан өтеді. Бұл университеттің білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сай нығайтуға және дамытуға бейімділігін көрсетеді. Аталмыш аккредитация оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, білім беру қызметтерінің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.