20 января 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШҚУ-ҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
С. Аманжолов атындағы
Шығыс Қазақстан университетіне Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының
«Жастар ресурстық орталығы» басшысы Ернар Бектаев бастаған делегация
іс-сапармен келді.
Іс-сапардың мақсаты –
«Серпін» бағдарламасы аясында ШҚУ-да білім алып жатқан студенттермен кездесу,
университеттің қызметімен танысу және алдағы уақытта ынтымақтастық аясында
бірлескен жұмыстар жүргізу мақсатында екіжақты меморандумға қол қою.
—
«Серпін» бағдарламасы
ШҚУ-да жоғары деңгейде жүзеге асып жатыр. Түркістан облысының 100-ден астам
жасы осы университетте білім алып, жұмыс істеп жатқанына қуаныштымын, — деді
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы»
басшысы Ернар Бектаев.
Делегация ШҚУ техникалық
базасы SHYGYS BASTAU технопаркімен және де «Беттік инженерия және трибология»
ғылыми зерттеу орталығының жұмысымен танысты.
Тәрбие және әлеуметтік
жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Қалимолдина қонақтарға «Серпінді қолдау»
орталығының жұмысын таныстырды. «Дана бала» ғылыми-білім беру орталығының
меңгерушісі Алима Алипова инклюзия орталығының зертханаларын көрсетіп,
студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы айтып берді. Оның айтуынша, ерекше
білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге студенттер осы
зертханада жинаған тәжірибе арқылы дайындалады.
Сонымен қатар, делегация
университеттің ғылыми кітапханасындағы коворкинг орталықты аралады. Қонақтар студенттердің
сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізуге арналған тыныш бұрыштар мен ашық
кеңістіктерді көрді. Бейбіт Мамраев атындағы ғылыми кітапхана қорындағы бірегей
кітаптар делегацияның ерекше қызығушылығын туғызды.
Делегация «Абайтану»
ғылыми-зерттеу институтына да барып, орталықтың рухани жетістіктерімен танысты.
Жақында күрделі жөндеуден өткен Студенттер үйін аралау барысында студенттердің
тұрмыс жағдайымен танысып, жатақханалардағы бақылау жүйелері, жақын орналасқан
спорт залдар мен ғылыми орталықтардың білім алушылардың бос уақытын тиімді
ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу соңында, «Серпін»
бағдарламасы аясында оқып жатқан студенттермен кездесіп, ашық пікір алмасты.
Сондай-ақ, тараптар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ынтымақтастық
аясында жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында меморандум қол қойды.