7 февраля 2025


ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы Слямбек Оразалиннің бастамасымен Тәжікстаннан келген студенттерге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара мәдени алмасуды дамытуға бағытталды.

Концерт барысында ШҚУ студенттері өздерінің шығармашылық таланттарын паш етіп, көрермендерге қазақ және тәжік халық әндерін орындады. Сонымен қатар, кеш қонақтары поэзия оқылымы, ұлттық билер және дәстүрлі тағамдар арқылы әр халықтың мәдениетіне терең бойлады.

Шара соңында Тәжікстаннан келген студенттерге және Оңтүстік Кореядан шақырылған профессор Ли Ха Ёнға университет атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.