19 февраля 2025


ҚОНАҚТЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

Білім беру барсында жоғары білікті мамандар даярлау және жылдам өзгерім жатқан ғаламға бейімделу дағдысы кең өріс алды. Осыған орай профессорлық-оқытушылар құрамы тәжірибеге бағытталған білім беру әдістерін меңгеруде. ШҚУ-дағы Психология білім беру бағдарламасындағы «заң психологиясы» пәніне ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару мемлекеттік қызметі мекемесінің аға инспектор-психологы, әділет капитаны Мөлдір Кабибиева және психолог Милена Донец арнайы шақырылды. Студенттер түрме психологиясы қызметіне қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.