20 февраля 2025


ЖОО ПЕДАГОГТЕРІ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ «943 – ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚАТЫСТЫ

«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының базасында «Созылмалы сәтсіздік жағдайында педагогті шұғыл қолдау және тұрақтандыру» практикалық семинары өтті

Семинарға «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к Ю.Е.Кукина және психология магистрі К.Д.Канапиянова қатысты.

Семинар ҚР Білім министрлігінің «Баршаға арналған білімге қолжетімділік» ұлттық баяндамасы негізінде «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасын іске асыру аясында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ «ШҚО бойынша Кәсіби даму институты» филиалы бірлесіп ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – ұйымдардағы білім сапасын арттыру. Аталған жобаға ШҚО-ның 25 насаналы мектебі қатысты.

Семинар барысында п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ю.Е.Кукина педагогтің күйзеліске төзімділігі туралы дәріс оқып, заманауи педагогикалық жүйе кезінде стрессті басқару әдістері мен құралдары бойынша практикалық жұмыс жүргізді.

Психология магистрі, сениор-лектор К.Д.Канапиянова педагог ресурсын қалпына келтірудің ұзақ мерзімді стратегияларын атап, кәсіби эмоционалдық күйзелістен шығу жолдарының конструктивті техникаларымен таныстырып өтті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылардың толғандырған сұрақтарына жауап беріліп, әдістемелік ұсыныс жасалды. Іс-шараға нысаналы мектептердің директорлары мен психологтарынан құралған 60-тан астам адам қатысты.

Семинар модераторлары «Өрлеу» БАҰО» АҚ «ШҚО бойынша Кәсіби даму институты» филиалының директоры – Г.С.Жұманова, ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының директоры С.Н.Коваленко оң пікір білдірді.