4 марта 2025


«IT-БАТТЛ: КОД, ЛОГИКА, ТЕХНОЛОГИЯ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

«Информатика» білім беру бағдарламасының бірінші курс докторанттары Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «IT-Баттл: Код, Логика, Технология» зияткерлік ойыны өтті. Байқауға «Информатика IP», «Математика-информатика», «Ақпараттық жүйелер» және «Компьютерлік мехатроника» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері қатысты.

Шара барысында студенттер IT саласындағы білімдерін жетілдіріп, сын тұрғысынан ойлау, тапсырмаларды шешу, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, олар бағдарламалау және алгоритмдер құру бойынша тәжірибе жинақтады.