«Серпін» бағдарламасы

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2014-2015 оқу жылынан бастап 21 білім бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау үрдісі үздіксіз жүзеге асырылуда.

2014–2015оқу жылынан бастап
21білім бағдарламасы
11лек қабылданды (2024)
1122маман даярланды (2018 жылдан)
«Серпін»

Бағдарламаның мақсаты. Республиканың адам ресурстары басым оңтүстік өңірлердегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында орталық, шығыс, батыс және солтүстік өңірлерінде білім беріп, жұмыспен қамтамасыз ету.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында шешілетін негізгі міндеттер

  • 1Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың маманы болғысы келетін оңтүстік өңірлердің жастарын, олардың басым бөлігі ауылдық жерлерден, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жастарын кеңінен тарта отырып, республиканың солтүстік және орталық аймақтарын толық қамту арқылы білім беру кеңістігін кеңейту;
  • 2«Серпін» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден көші-қону үрдісі білім алуға шақырылуымен қатар кейіннен ЖОО-да оқитын аймақтарда тұрақты қалу арқылы жүзеге асады.

Бағдарлама жайлы

Қазіргі уақытта оқуға жіберілген Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарынан жастарды оқуға қабылдап отырған өңірлер:

Жастар жіберілетін облыстар

  • Түркістан
  • Қызылорда
  • Жетісу
  • Алматы
  • Жамбыл

Жастарды қабылдайтын өңірлер

  • Ақмола
  • Ақтөбе
  • Атырау
  • Шығыс Қазақстан
  • Абай ауданы
  • Батыс Қазақстан
  • Қарағанды
  • Ұлытау облыстары
  • Қостанай
  • Павлодар
  • Солтүстік Қазақстан облыстары

Бұл бағытта мемлекет тарапынан анықталған жоғары оқу орындары білікті кадрларды даярлауға, оқу үрдісін ұйымдастыруға, мектеп түлектерін оқуға қабылдауға атсалысуда. Он сегіз жоғары оқу орнының қатарында Сәрсен Аманжолов атындағы университетіміз 2014-15 оқу жылынан бастап осы мемлекеттік бағдарламаның білім беру саласындағы қалыптасуына және одан әрі дамуына белсенді түрде үлес қосып отыр, 2024 жылы 11 лекті қабылдады. Қазіргі уақытта кадрларды даярлау барлық педагогикалық білім беру бағдарламалары және 3 педагогикалық емес бағыттар бойынша жүргізіледі: «Ақпараттық технологиялар», «Азық-түлік өндірісі» және «Орман шаруашылығы».

«Серпін» әлеуметтік жобасы – жастардың жоғары білім алуына, сол арқылы отандық білікті кадрлардың қатарын толықтыру үдерісіне зор үлес қосуына зор мүмкіндіктер беретін бағдарлама. Олардың жастардың қоғамдық жұмыстарына, студенттік ғылыми-шығармашылық жобаларына қатысуы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында болашақ көшбасшылардың тәжірибесін жинақтау, шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында білімін жетілдіру үшін маңызды басымдықтарды қамтамасыз етеді.

Оңтүстік өңірлердің жастары үшін «Серпін» бағдарламасы мемлекет, министрлік, жоғары оқу орындары тарапынан жасалып жатқан ең үлкен қолдау мен көмек деп білеміз. «Серпін» квотасы бойынша бөлінген білім гранттары толығымен игеріліп отырылады және бұл мемлекеттік бағдарламаның үздіксіз әрекет етуінің, бағдарламаның өзекті деңгейде болғанының белгісі.

Университеттегі жағдайлар

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да барлық жағдай жасалған, материалдық-техникалық база жеткілікті деңгейде қамтылған: соңғы 6-7 жылда 8 оқу ғимараты инновациялық технологиялармен жоғары дәрежеде жабдықталды және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Dana bala» үздіксіз және инклюзивтік білім беру орталығы, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты, сирек кітап қорлары, бірегей гербарий қоры табысты жұмыс істейді; «Чайка» спорттық-жүзу бассейні, «Сібе» 2 оқу-дала оқу базасы, «Панкратьев-Г.Вистениус атындағы бақ.», Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра, «Алтай жастары» студенттік медиа орталығы, студенттердің шет тілін оқитын «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы бар, жастар TOEFL, IELTS емтихандарына халықаралық сертификаттар алу үшін дайындық курстарынан өтеді, «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Алексей Трунов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығы, оқу зертханалары мен кабинеттері, 2000 орындық 4 студенттік үйлері белсенді қызмет етуде.

Студенттер үйлеріне бірінші кезекте еліміздің шалғай өңірлерінен, оның ішінде «Серпін» квотасы бойынша қабылданған жастар орналастырылады. Университетте жастарды оқуға тарту, оқу процесін ұйымдастыру және студенттік өмірді тиімді үйлестіру бойынша арнайы шараларды өткізу дәстүрі бар және жалғасуда.

Түлектер

11222018 жылдан бері университет «Серпін» бағдарламасы бойынша 1122 білікті маман даярлап шығарды.

«Серпін» бағдарламасының түлектері Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарындағы түрлі білім беру ұйымдарында, колледждерде, мектепке дейінгі мекемелерде (Өскемен қаласындағы №15, №18, №20, №46, №1, №27 орта мектептерде, Нұр-Орда орта мектебі, Этнографиялық мұражай, Пушкин атындағы кітапхана, «ҮМЗ» АҚ, әскери бөлімдерде) және басқа да кәсіпорындарда еңбек етуде. Қазіргі таңда «Серпін» бағдарламасының 8 түлегі ШҚО докторанттары, әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша даярлануда.

Бағдарлама жастарының арасында отбасын құрып, Шығыс Қазақстанды тұрақты өңір ретінде таңдаған түлектер де бар. Қазір олар аудан, қала, облыстардағы мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, өндірістік нысандарда, кәсіпорындарда еңбек етуде.

Түлектердің мамандықтары (2018–2024)

С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Серпін» бағдарламасының түлектері 2018-2024 жылдар аралығында білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған түлектер келесі мамандықтар бойынша білікті мамандар аталып отыр:

  1. 1Педагогика және психология
  2. 2Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  3. 3Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
  4. 4Дефектология
  5. 5Әлеуметтік педагогика
  6. 6Математика
  7. 7Математика – Физика
  8. 8Математика-Информатика
  9. 9Физика
  10. 10Физика – Информатика
  11. 11Химия
  12. 12Химия және биология
  13. 13Биология
  14. 14Биология-жаратылыстану
  15. 15География
  16. 16Қазақ тілі мен әдебиеті
  17. 17Шет тілі: екі шет тілі
  18. 18Кәсіптік оқыту
  19. 19Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы
  20. 20Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  21. 21Орман ресурстары, аңшылықтану және ара шаруашылығы
  22. 22Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  23. 23Ақпараттық жүйелер
  24. 24Компьютерлік мехатроника

Қабылдау комиссиясы

Өскемен қаласы, 30-ші Гвардиялық Дивизия көшесі, 34, №1 оқу ғимараты, 214 кабинет