13 марта 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY АҚЫН ҚЫЗДАРЫНЫҢ «КЕСТЕЛІ ОРАМАЛ» ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Филология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті Оразалин Слямбек Калибекұлы университет мұражайына С.Аманжолов студенттерінің шығармашылығы топтастырылған өлеңдер жинағын табыстады. Ең алғаш 2004 жылы «Жастықтың оты жалындап» атауымен жарық көрген жинақ бүгінгі күнге дейін шығарылып келеді. Алғашқы жинақтағы өлеңдерде елге, жерге деген сағыныш, сүйіспеншілік пен жастық көңілдің бір біріне деген ыстық тілектері жырланған. 2025 жылы «Кестелі орамал» атауымен басылып шыққан жинақ қыздар шығармашылығын қолдау мақсатын алға қойған. Барлық жинақ университеттің «Берел» баспасы арқылы басып шығарылған. Жинаққа С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттерінің шығармашылығы топтастырылған. Бұл жинақтар жастардың алғашқы қадамдарының куәсі, шығармашылық жолындағы маңызды белесі. Студенттердің алғашқы туындыларын қолдап, қанаттандыруды университет басшылығы, оқытушылары қашанда бірінші орынға қояды.