13 марта 2025


ШҚУ РЕКТОРЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ШҚО ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.

Күн тәртібінде облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының 2024 жыл бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңна а бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тәртіптік комиссиясы былтыр атқарған жұмысының нәтижесі қаралды.

Мемлекеттік органдардағы 2024 жылғы жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша талдау қорытындысы талқыланды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершіліктері қаралды.