13 марта 2025


“ДЕФЕКТОЛОГИЯ” ББ СТУДЕНТТЕРІ “АСЫЛ МИРАС” ОРТАЛЫҒЫНДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

“Дефектология” білім беру бағдарламасының төртінші курс студенттері аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды қолдау орталығы – “Асыл Мирас” базасында өндірістік-педагогикалық тәжірибеден сәтті өтті.

Үш ай бойы болашақ дефектологтар білім беру үдерісін жобалау, ұйымдастыру және бағалау бойынша кәсіби құзыреттерін қалыптастырды. Тәжірибе жетекшісі  психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы Қымбат Қанапиянова болды.