2 июля 2025


ШҚУ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚТЫҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІН РАСТАДЫ

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚА) ұйымдастырған білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу аясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін сәтті растады.

Аккредиттеу рәсімі бакалавриат пен магистратура деңгейіндегі әртүрлі кәсіби бағыттар бойынша білікті мамандар даярлауға бағытталған 14 білім беру бағдарламасын қамтыды:

  1. 6B01406 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық

  2. 6B01407 Музыкалық білім беру (IP)

  3. 6B01408 Дене шынықтыру және спорт (IP)

  4. 7M04107 Қаржы және есеп

  5. 6В04108 Қаржы және есеп

  6. 7М04102 Экономика және басқару

  7. 6В04103 Мемлекеттік және жергілікті басқару

  8. 7М04103 Мемлекеттік және жергілікті басқару

  9. 7М04106 Мемлекеттік және жергілікті басқару

  10. 6В11101 Туризм

  11. 7М01401 Дене шынықтыру және спорт

  12. 6В04201 Құқықтану

  13. 7М04202-Құқықтану

  14. 7М04201 Құқықтану

Аккредиттеуден сәтті өту бағдарламалардың мазмұны, оқыту әдістемесі және оқу процесін ұйымдастыру қазіргі заманғы халықаралық академиялық және кәсіби қауымдастық талаптарына толық сәйкес келетінін көрсетеді.

Алынған сертификаттар тек сапа белгісі ғана емес, сонымен қатар ШҚУ түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің және еңбек нарығында сұранысқа ие екендігінің дәлелі болып табылады.