4 июля 2025


УНИВЕРСИТЕТТЕ ТАУ-КЕН-МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРДЫҢ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да тау-кен-металлургиялық құрал-жабдықтардың болат бөлшектерін диффузиялық термоциклдік электролит-плазмалық бормен қаптау әдісін әзірлеуге бағытталған жоба жүзеге асырылуда. Ғылыми бағдарламаның басты мақсаты — бөлшектердің тозуға төзімділігін және олардың жұмыс өнімділігін арттыру.

Жобаның авторы, қауымдастырылған профессор Лейла Сүлейбаеваның айтуынша, жобаның ғылыми жаңалығы — легирленген болаттан жасалған тау-кен-металлургиялық жабдық бөлшектерін катодтық диффузиялық термоциклдік электролит-плазмалық бормен қаптау мен анодтық жылтыратуды біріктіретін жаңа кешенді әдістің ұсынылуында. Бұл әдіс бөлшектердің беткі қабатын бормен қанықтыру үдерісін қарқындатып, олардың пайдалану сипаттамаларын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында легирленген болат бөлшектерін өңдеудің технологиялық параметрлерін өзгертуге байланысты құрылымдық-фазалық күйдің қалыптасуы мен трибокоррозиялық сипаттамалардың өзгеруін зерттеу нәтижелерін өзара байланыстыру арқылы диффузиялық термоциклдік электролит-плазмалық бормен қаптау әдісінің ғылыми негізі әзірленетін болады.

 

Аталған жобаның қолданылу саласы — тау-кен-металлургиялық машина жасау.