15 июля 2025
КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ: БЕЛОУСОВА ЛЮДМИЛА ИВАНОВНА
Белоуcова Людмила Ивановнаның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен және терең қайғымен қабылдадық.
Людмила Ивановна – өзінің кәсібіне шын берілген, ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті педагог, 1997 жылдан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің дамуына елеулі үлес қосты.
Ол 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, соның ішінде Scopus дерекқорындағы жарияланымдардың авторы, жоғары кәсіби деңгейі мен талапшылдығымен танылған маман, көптеген студенттер мен әріптестері үшін шынайы тәлімгер бола білді.
Людмила Ивановна жайлы жарқын естелік оны білетін әріптестерінің, шәкірттерінің және жақындарының жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Сіздердің ауыр қайғыларыңызға ортақтаса отырып, орны толмас қазаның азасын бірге бөлісеміз. Оның жарқын бейнесі мен ізгі істері жұбаныш пен рухани демеу болғай.