4 августа 2025
«ABAI AKADEMIASY» ПОРТАЛЫ АШЫЛДЫ
Абай облысында «ABAI AKADEMIASY» энциклопедиялық порталы ашылды. Айтулы шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында жоспарланған онкүндік аясында Семей қаласында өтті. Жаңа форматтағы бұл цифрлық платформада Абайдың әдеби, ғылыми, музыкалық мұрасы жүйеленіп, бір орталықта топтастырылған.
AMANZHOLOV UNIVERSITY «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Айжан Картаева да осы энциклопедия ішінде «Біздің авторлар» айдарында қазақтың нар тұлғаларымен, көрнекті ғалымдарымен бірге бір қатарда тұрғанын қуанышпен жеткіземіз. Атап айтқанда, Әлихан Бөкейхан, Мұхтар Әуезов, қазіргі таңда ақынның мұрасын зерттеп жүрген осы күннің ғалымдары да кірген.
Портал әлемнің кез келген нүктесінен еркін және ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Аталған бастама Абайтану ғылымын дамытуға, сондай-ақ шығармашылық орта мен жас зерттеушілердің әлеуетін арттыруға бағытталған.