8 августа 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Директорлар кеңесінің отырысында «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»КЕАҚ корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен негізгі ережелерін орындау жөніндегі есеп қарастырып, бекітілді. Қоғамның 2024 жылғы жылдық есебі тыңдалды және бекітілді. Есеп негізгі көрсеткіштерді, қаржылық нәтижелерді, білім беру, ғылыми және халықаралық қызметтің нәтижелерін талдауды қамтыды. Талқылаудан кейін Қоғамның жылдық есебі бірауыздан бекітілді. Кадрларды іріктеу рәсімінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында ПОҚ және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына конкурстық орналасу туралы жаңа ереженің жобасы қарастырылды және бекітілді.