23 августа 2025
Қаржылық мониторинг агенттігі және ШҚУ «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ» микробіліктілік бағдарламасын іске қосады
«Елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғауға атсалыс –
экономикалық қылмыстарды тергеу дағдыларын меңгер»
Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ бірлесіп, «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ» микробіліктілік бағдарламасын іске қосады
15 аптаның ішіндегі 10 академиялық кредиттен тұратын курс – сіздің мамандық туралы көзқарасыңызды түбегейлі өзгертеді.
Кімдерге арналған?
«Құқық» және «Бизнес және басқару» бағыттарында оқитын 4-курс студенттеріне
Неге қатысу қажет?
✅ Экономикалық тергеу қызметінің нақты тергеу тәжірибесін зерттеу. Артық ақпарат жоқ – болашақ тергеушіге қажет білімнің таза концентраты
✅ Тергеу әрекеттерін модельдеу арқылы (сұрақ-жауап, тінту, тәркілеу және т.б.) істерді шешу, іс жүргізу құжаттарын әзірлеу, қылмыстық іс макетін қалыптастыру
✅ Электронды сервистермен – ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардың симуляторларымен жұмыс жасау. Бұлар тергеушілердің іс жүргізу барысында күнделікті пайдаланатын құралдары
✅ Экономикалық тергеу департаментінің тәжірибелі тергеушілерімен дәрістер
✅ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде тәжірибеден өту
✅ Оқу форматы – күндізгі / онлайн / аралас – әркімге ыңғайлы
✅ Қаржылық мониторинг органдарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі
📅 Бағдарлама 2025 жылдың 2 қыркүйегінде басталады
💰 Оқу ақысы – тегін
📄 Оқу нәтижесі бойынша берілетін құжат –
«Экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесі» микробіліктілік сертификаты
📌 Орындар шектеулі — өтінім беруді бүгіннен бастаңыз!
🎯 Болашақ тергеушілердің жолы осы жерден басталады!
📞 Өтінім беру үшін мына нөмірге хабарласыңыз: +7 777 163 6400