27 августа 2025


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жаңа оқу жылының басталуына дайындық және университетті дамыту мәселелері қаралған Ғылыми кеңестің отырысы өтті. 

Отырыста университеттің жаңа оқу жылына дайындығы; бірінші курс студенттеріне арналған бейімделу аптасын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары; қабылдау комиссиясының жұмысы; бакалавриат, магистратура және докторантураның жұмыс оқу бағдарламаларын бекіту; ШҚУ профессор-оқытушылар құрамынан ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитетіне ғылыми атақ беру үшін үміткерлерді ұсыну мәселелері қаралды.

 

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, университеттің құрылымдық бөлімшелеріне нақты тапсырмалар берілді.