28 августа 2025


УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ АВТОРЛЫҚ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ю.Е.Кукина мен сениор-лектор К.Д.Канапиянова «Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін ұйымдастыру» тақырыбындағы педагог-психологтардың секциялық отырысына қатысты.

Аталған отырыс Өскемен қаласының білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған Тамыз конференциясы аясында өткізілген «Қазіргі білім берудегі цифрлық шешімдер. Жасанды интеллект» тақырыбындағы пәндік интерактивті алаң шеңберінде өтті.

 

ЖОО оқытушылары инклюзивті білім беру саласындағы өзекті нормативтік-құқықтық базаға сүйене отырып, білім беру ортасындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін құру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды кешенді қолдау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету жөніндегі баяндамамен сөз сөйледі.