28 августа 2025


УНИВЕРСИТЕТ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫ АСТАНАДА ӨТКЕН IFLA 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАПХАНА КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында Астанада «Білімді біріктіріп, болашақты қалыптастырамыз» тақырыбымен IFLA халықаралық кітапханалық және ақпараттық конгресі өтті.

Жиынға әлемнің 114 елінен 1852 делегат келді. Қазақстаннан 454 кітапханашы қатысты, бұл еліміздің әлемдік кітапхана қауымдастығындағы рөлінің  артып келе жатқандығының айқын көрсеткіші.

IFLA Конгресі цифрландыру, инклюзия және тұрақтылыққа назар аудара отырып, тәжірибе алмасуға, инновацияларды талқылауға және кітапханалардың болашағын бірлесіп құруға арналған бірегей алаң айналды.

Конгрес жұмысына Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапхана директоры  Нұралиева Перизат Күзембайқызы қатысып, еліміздің кітапхана ісін дамытуға үлесін қосты. Конгресс жұмысында кәсіби озық тәжірибелермен танысып, қызмет көрсету мен ақпарат алмасуды сараптау талқылауларына қатысып, жаңа кәсіби байланыстар орнатылды.

Перизат Күзембайқызының IFLA 2025 іс шараларына қатысуы, заманауи қоғамдағы кітапханалардың рөлін нығайтуға бағытталған бастамаларды дамытып, инновациялық идеяларды енгізіп үйлестіруге мүмкіндіктер береді.