28 августа 2025


AI-SANA: ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА БАСТАР ТРАМПЛИН АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 1 курс студенттеріне арналған «AI-SANA: Технологияларға бастар трамплин» атты кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект саласындағы білім мен дағдыларды дамытуға жол ашу.

Кездесуге Экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректор Еркат Мукажанов қатысып, университет қабырғасында жасанды интеллектті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақтағы мүмкіндіктер туралы баяндады. Ол студенттерге осы салада білім алудың маңыздылығын атап өтіп, технологиялық болашақта олардың рөлі зор екенін жеткізді.

Аталған шара аясында AI-SANA бағдарламасының мәні мен мазмұны кеңінен таныстырылды. Бұл – студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған, жасанды интеллект дағдыларын кешенді түрде дамытуға бағытталған бірегей акселерациялық бағдарлама. Бағдарлама ұлттық экономиканың әлеуетін арттыруға және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға ерекше назар аударады.

Сонымен қатар, Amanzholov University базасында Жасанды интеллектті оқытуға арналған бағыттар мен курстар туралы ақпарат беріліп, болашақ IT-мамандарын даярлаудағы нақты қадамдар көрсетілді.