1 сентября 2025


БІЛІМ КҮНІ

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар мен қызметкерлер!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек – бұл шабытқа, жаңа үмітке толы, білім мен ғылым шыңына жетуге деген ұмтылысты білдіретін ерекше күн.

Біздің университет әрқашан ізденістің, шығармашылық пен дамудың ордасы. Бүгін сіздердің алдарыңызда білімнің жаңа көкжиегі ашылады. Бұл білім болашақтағы жетістіктер мен кәсіби табыстардың берік іргетасына айналмақ.

Құрметті бірінші курс студенттері! Сіздер үшін жоғары оқу орнындағы жаңа белестер мен қызықты сәттер басталды. Алдағы оқу жылында өз күштеріңізге сеніп, табандылық танытып, студенттік өмірге белсенді қатысыңыздар.

Құрметті әріптестер мен тәлімгерлер! Сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз зерттеушілер мен көшбасшы мамандардың жаңа буынын шабыттандырады.  Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Жаңа оқу жылы үлкен жаңалықтардың, жарқын жеңістер мен маңызды жетістіктердің уақыты болсын!

Білім күні құтты болсын!

ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген