29 августа 2025


ШҚУ МАМАНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қызметкерлері Өскемен қаласының орта мектептерінде өткен педагогикалық кеңес отырыстарына қатысты. Мектептерде бірыңғай педагогикалық кеңестер еліміз бойынша бір мезгілде өтуі білім беру саясатының басым бағыттарын бірізді түрде талқылауға және жеткізуге мүмкіндік береді.

«Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі Алима Алипова Өскемен қаласындағы №24 орта мектептің педагогикалық кеңесіне қатысты. Іс-шара барысында 2025–2026 оқу жылына арналған негізгі міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, жаңа білім беру бағдарламалары мен тәсілдерін енгізуге; білім беру процесінде жасанды интеллектіні этикалық тұрғыда қолдану жөніндегі Нұсқаулықты талқылауға; инклюзивті білім беруді және инклюзивті мәдениетті дамытуға; білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәрбие және оқыту жүйесіндегі жаңалықтарды жүзеге асыруға; университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Университет мамандарының педагогикалық кеңеске қатысуы мектеп ұжымына өз жұмысын ұлттық басымдықтармен сәйкестендіруге және жаңа оқу жылына арналған бірлескен жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.