12 сентября 2025


ЖЕҢІЛАТЛЕТИКАЛЫҚ ЖАРЫС – БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ ШАРА AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ӨТТІ

Бүгін Amanzholov University-де бірінші курс студенттеріне арналған дәстүрлі «Сәлем, университет!» атты жеңіл атлетикалық жарыс ұйымдастырылды. Жыл сайын өтетін спорттық шара көптеген қатысушылар мен жанкүйерлерді жинады.
 
Студенттерге ыстық ықыласын білдірген Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлеген спорттың маңыздылығына тоқталды:
 
– Спорт – тек қана дене шынықтыру емес, ол – мінез мектебі. Спортта жеңіл жеңіс жоқ, әрбір жетістік – еңбек пен тәртіптің, алға ұмтылыстың жемісі. Біздің студенттеріміз оқу басталған алғашқы күннен-ақ белсенділік танытып, салауатты өмір салтын ұстанып жүргеніне қуаныштымын, – деді ректор.
 
Жарыстың бас төрешісі – мәдениет, спорт және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушысы Александр Кругликов болды.
 
Қашықтықтар келесідей белгіленді:
•қыздар – 800 метр;
•жігіттер – 1 шақырым.
 
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
 
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
Жігіттер:
1.Қазыбек Ебекен
2.Бақытжан Омарбеков
3.Әнұр Бақытұлы
 
Қыздар:
1.Арина Петухова
2.Жанерке Алматова
3.Ксения Печуркина
 
Бизнес және құқық жоғары мектебі
Жігіттер:
1.Александр Фирсов
2.Нұротан Айбат
3.Кирилл Друска
 
Қыздар:
1.Ділдар Оңалхан
2.Самғар Әділхан
3.Нұрай Қазбекова
 
Педагогика жоғары мектебі
Жігіттер:
1.Әлихан Бақытханұлы
2.Абылай Манарбек
3.Ерболат Сенбай
 
Қыздар:
1.Шырын Манапова
2.Милана Щетинина
3.Сымбат Сетқазы
 
Жоғары колледж
Жігіттер:
1.Ілияс Мауытхан
2.Санжар Маратұлы
3.Ербол Алтайхан
 
Қыздар:
1.Оксана Тарасова
2.Екатерина Гаденова
3.Аружан Жұманова
 
Жарыс жеңімпаздары марапатталып, естелік фотосуретке түсті. Бұл спорттық мереке Amanzholov University-де студенттердің жан-жақты дамуына, соның ішінде спортқа ерекше көңіл бөлінетінін тағы да айқындап берді.