10 сентября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп жаңа экономикалық тергеу кабинеті ашылды. Бұл жерде студенттер экономикалық қылмыстарды тергеу әдістемесін меңгеріп, сотқа дейінгі тергеудің ерекшеліктерімен танысып, заңсыз табыстарды анықтау тәсілдерін үйрене алады.

 

Дәрістерді құқық қорғау органдарының өкілдері мен университеттің білікті оқытушылары жүргізеді. Оқу нәтижесінде әрбір студентке арнайы сертификат табысталады.

 

Айта кетейік, ШҚУ мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті арасындағы ынтымақтастық болашақ заңгерлердің практикалық қызметке бейімделуіне және елдің экономикалық қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ете алатын мамандар даярлауға кең мүмкіндік береді.