15 сентября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ АЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері 14–17 қыркүйек аралығында Алтай мемлекеттік университетінде өтіп жатқан «Үлкен Алтай кеңістігіндегі славян-түркі әлемі: тарихы мен заманауи келбеті» атты IV Халықаралық алтаистика форумына қатысуда.

 

Бүгін «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері Алтай археология және этнография музейіне экскурсия жасап, музей директоры Ярослав Фролов қонақтарды «Алтайдың алғашқы кеншілері мен металлургтері: қола дәуірінен бастап Акинфий Демидовқа дейін» атты көрмемен таныстырды. Алтайда тау-кен өндірісінің басталғанына 300 жыл толуына арналған бұл көрме өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.

 

Ертең форумның негізгі бағдарламасы басталады: пленарлық және секциялық отырыстар, тәжірибе алмасу, ғылыми пікірталастар, ғалымдармен кездесулер өткізіліп, әрбір қатысушы үшін кәсіби және жеке даму бағытында кең мүмкіндіктер ашылады.

 

— Осындай маңызды шараларға қатысуға жағдай жасап, Алтай мемлекеттік университетімен ғылыми-білім беру ынтымақтастығын қолдағаны үшін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлына алғыс айтамыз. Оның бастамашылдығы мен ғылыми және халықаралық белсенділікті дамытуға көңіл бөлуінің арқасында біз университетімізді танытып, оның беделі мен байланысын нығайта отырып, осындай форумдарға қатысу мүмкіндігіне ие болып отырмыз, — деді ШҚУ студенті Тимур Дюсенов.

 

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ мен АлтМУ арасындағы ынтымақтастық білім беру, академиялық ұтқырлық, ғылыми жобалар мен форумдар аясында жүзеге асуда. Бұл байланыс Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының қарым-қатынастарын одан әрі нығайтудың жарқын үлгісі болып табылады.