2025 жылдың 17 қыркүйегінде ШЫҰ мемлекеттерінің серіктестігі аясында онлайн форматта Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің (Қазақстан) және Іле педагогикалық университетінің (Қытай) өкілдері арасында ресми кездесу өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы екі университет арасындағы әріптестік қатынастарды қайта жандандыру және кеңейту болды.
Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың келесі негізгі бағыттары талқыланды:
• студенттердің академиялық ұтқырлығы, соның ішінде қысқа мерзімді тағылымдамалар мен тәжірибелік бағдарламалар;
• дәрістер, шеберлік сабақтары өткізу және біліктілікті арттыру мақсатында оқытушылар алмасу;
• қос дипломды бағдарламалар мен магистратураларды қоса алғанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
• халықаралық журналдарда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және жариялау;
• мәдени іс-шаралар, фестивальдер, байқаулар мен ғылыми форумдар ұйымдастыру.
Ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жоспарлауға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, тараптар халықаралық конференциялар мен жазғы мектептер өткізу, сондай-ақ онлайн-оқыту форматтарын және ортақ білім беру платформаларын дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша жобаларды үйлестіру үшін бірлескен жұмыс тобын құру, екі тараптан жауапты тұлғаларды анықтау және ынтымақтастықтың «жол картасын» әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Тараптар ынтымақтастық туралы меморандум дайындауға уағдаласты. Бұл құжат университеттер арасындағы әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтудың негізі болмақ.
Бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және ғылым саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды дамыту жолындағы маңызды қадамға айналып, екі елдің студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.