17 сентября 2025


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА СЕРПІН

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде халықаралық ынтымақтастық бағыты жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соңғы бес жылда бұл дәстүрлі бастама тұрақты жалғасын тауып, Түркиядан бірнеше түрік тілі оқытушылары шақырылып, студенттердің сапалы білім алуына өз үлестерін қосты.

 

Түркия Республикасының Ұлттық білім министрлігінің Шетелдік және жоғары білім департаментінің ресми хатына сәйкес, ШҚУ-ға Газиантеп университетінің оқытушысы, PhD докторы Емине Сойигит келді.

 

Емине Сойигит – түрік тілін оқыту саласында мол тәжірибесі бар беделді маман. Оның басты мақсаты – тілдік алмасуды дамыту, академиялық ынтымақтастықты нығайту және студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыру. Сонымен қатар ол университеттің оқу бағдарламаларына қатысып, студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіруге арналған әдістемелік тәжірибесімен бөлісетін болады.

 

Бүгіннен бастап доктор Емине Сойигит «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел тілдері» мамандықтарының студенттеріне дәріс беруді бастайды. Ол түрік тілінің А1, А2, В1 және В2 деңгейлері бойынша сабақ жүргізіп, жастардың сапалы білім алуына және кәсіби даярлығын арттыруға ықпал етеді.

 

PhD докторы Емине Сойигиттің университетімізге келуі – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.