17 сентября 2025


ШҚУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АЛТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА

Бүгін Алтай Республикасында «Алтай – түркілердің атажұрты. Түркі өркениетінің басталу тарихына» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның салтанатты ашылуы өтті. Бұл ауқымды шараға Ресей, Беларусь Республикасы, Венгрия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзербайжан елдерінің өкілдері жиналды.Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ректоры Мұхтар Төлегеннің жетекшілігімен конференция жұмысына белсенді қатысуда. Айта кетейік, университеттің басшысы конференцияның модераторы болып отыр.

Конференцияның жұмыс секциялары түркі халықтарының материалдық мәдениетін зерттеу, тіл мен әдебиет, Еуразия фольклоры, сондай-ақ мемлекеттердің өткен тарихының оқулықтарда көрініс табуы сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтиды.

Шығыс Қазақстан университеті үшін бұл конференцияға қатысу — халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми ізденістің көкжиегін кеңейтуге және Шығыс Қазақстанның тарихтағы маңызын айқындауға зор мүмкіндік.