23 сентября 2025


«МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» КУРСЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУда ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетімен келісілген «Музыкалық білім берудің өзекті мәселелері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

Курс тыңдаушылары – Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі мен халық артисі Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушылары.

Курстың мақсаты – қатысушыларды музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстыру.


Оқыту процесін университеттің мәдениет, спорт және бастапқы әскери дайындық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Марина Дмитриевна мен сениор-лектор Юрий Дмитриевич жүргізуде.

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы