25 сентября 2025


ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІ СОТ ПРОЦЕСІ ӨТТІ

Шығыс Қазақстан облысында «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» қағидаты аясында «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау» жобасы жүзеге асырылуда.

Аталған жоба аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерінің қатысуымен есірткі құралдарын тұтынудың, сақтаудың және таратудың құқықтық салдары тақырыбында көрнекі сот процесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру, есірткі құралдарын тұтыну, сақтау және таратудың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін құқықтық, әлеуметтік және моральдық салдарын түсіндіру. Сонымен қатар, студенттерді заңға қайшы әрекеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, құқықтық тәрбие арқылы нашақорлықтың алдын алу және болашақ мамандардың азаматтық жауапкершілігін арттыру көзделді.

Көрнекі сот процесіне Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Қ. Хайдаров, Өскемен қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының жетекші маманы Е. Канапиянов, Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының мүшесі Б. Қасенов қатысты.

Іс-шараны Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, «Антарес А» қоғамдық қоры, «Жастар ресурстық орталығы» және облыстық прокуратурамен бірлесіп өткізді.