29 сентября 2025


ALTAI INVEST-2025

Облыс орталығында «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Дүниежүзінен келген инвесторларға, кәсіпкерлерге, сарапшыларға және мемлекеттік органдардың өкілдеріне Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуеті жан-жақты таныстырылды.

Ауқымды шараның мақсаты — өзге елдермен халықаралық әріптестік орнату, жаңа жобаларды таныстыру және аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыру болды.

Форум аясында қаладағы ірі кәсіпорындардың қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ШҚО әкімі үздік серіктестерді марапаттады.  Әр елден келген делегация өкілдерімен екіжақты келіссөз жүргізіліп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Өңірдің әлеуетін көтеретін шараға ШҚУ студенттері волонтёр ретінде белсенді қатысты. Олар қонақтарды қарсы алып, бағыт-бағдар көрсетіп, серіктестер арасында аудармашы болды. Форум студенттер үшін кәсіби тәжірибе жинақтауға, жаңа білім алуға және халықаралық ортада қарым-қатынас орнатуға зор мүмкіндік берді.