30 сентября 2025


ЕРЕВАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИАЦИЯ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Марианна Дячук 2025-жылғы 1–5 қазан аралығында Арменияның Ереван қаласында өтетін «Шекарасыз медиация: уақыт пен шекарадан тыс диалог» атты Халықаралық конференцияға қатысады. Конференция аясында Марианна Ивановна білім беру саласындағы медиацияның практикалық және мәдениетаралық қырларына арналған баяндамасымен сөз сөйлейді.

Конференция бағдарламасында міндетті және ерікті медиация мәселелері (сот тәжірибесіне басымдық бере отырып), бизнес-медиацияның заманауи сын-қатерлері мен даму мүмкіндіктері, сондай-ақ дауларды шешудің құралы ретінде отбасылық медиация тақырыптары талқыланады. Бұдан бөлек, қатысушылар үшін медиация мен келіссөздерге арналған тәжірибелік воркшоптар ұйымдастырылады.

Ауқымды халықаралық шара медиаторларды, заңгерлерді, бизнес өкілдерін және мемлекеттік құрылымдардың мамандарын біріктіріп, заманауи әлемде медиацияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік береді.

Add Your Heading Text Here