1 октября 2025


«ҚОШ КЕЛДІҢ, БАЛМҰЗДАҚ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Бұл күн — университет табалдырығын алғаш аттап отырған 1-курс студенттері үшін ерекше тарихи сәт. Жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік жиында студенттерді университет ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Өз сөзінде ол білім алушылардың кәсіби дамуына, тұлғалық қалыптасуына және жастар бастамаларын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Бүгінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ қабырғасында студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамытып, белсенді бастамаларын қолдайтын 22 студенттік ұйым жұмыс істейді. Олар — университет өмірінің айнасы, жас буынның көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, шығармашылық әлеуетін дамытуға кең мүмкіндік беретін орта.

Іс-шара барысында осы ұйымдардың бірқатары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Бұл — олардың еңбегіне берілген лайықты баға әрі өзге студенттерге үлкен мотивация.

Университетімізде оқу — тек білім алу ғана емес, сонымен бірге жаңа достар табу, қызықты жобаларға қатысу, жаңа бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігі. Біз сенеміз, бүгінгі бірінші курс студенттері ертеңгі күні еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасады.

Барша студенттерге жаңа оқу жылында толағай табыстар, тың жетістіктер, жемісті еңбектер тілейміз!