1 октября 2025


ТҮРІК ПРОФЕССОРЫ ТІЛДЕРДІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕДІ

Анкара қаласындағы Хаджеттепе университетінің (Түркия) гуманитарлық факультетінің PhD докторы, профессоры Нуреттин Демир «Салыстырмалы грамматиканың қолданбалы аспектілері және тілдік ландшафттар» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрістің тыңдаушылары «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс тілді мектептерде», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті орыс және орыс емес мектептерде», «Журналистика», «Ағылшын тілі (IP)», «Шетел тілдері» білім беру бағдарламаларының студенттері болды.

Студенттер тілдердің алуан түрлілігі мен олардың жаһандық қоғамдағы рөлі жөнінде жаңа білім алып, академиялық көкжиектерін кеңейтті.