7 октября 2025


СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРОФЕССОР ГВИДО АМОРЕТТИМЕН КЕЗДЕСУІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Генуя университетінің (Италия) профессоры Гвидо Амореттимен кездесу өтті. Іс-шара академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды.

Ағымдағы оқу жылы ШҚУ-дың жеті студенті 2025 жылғы 1-қазаннан бастап 2026 жылғы 18-ақпанға дейінгі кезеңде Генуя университетінде оқу мүмкіндігіне ие болды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушылар:

  • Ахметова Назерке Нұржанқызы — 6B01703 «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы, 3-курс;
  • Темірханова Дамиля Калимжановна — 6B01707 «Шетел тілдері (IP)», 2-курс;
  • Алиханова Камила Алмасқызы — 6B01707 «Шетел тілдері (IP)», 2-курс;
  • Қайратқызы Жанель — 6B01707 «Шетел тілдері (IP)», 2-курс;
  • Нұғұман Айсұлу Қанатқызы — 6B01707 «Шетел тілдері (IP)», 2-курс;
  • Жанабекқызы Ақжан — 6B01703 «Шетел тілі: екі шетел тілі», 3-курс;
  • Сагадиев Естияр Куатович — 6B02301 «Аударма ісі», 3-курс.

Кездесу барысында профессор Гвидо Аморетти Италиядағы жоғары білім беру жүйесі, Генуя университетіндегі оқу ерекшеліктері және академиялық әрі мәдени алмасу мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің халықаралық зерттеу және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға, мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға, сондай-ақ университеттер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.