8 октября 2025


АДАЛ АЗАМАТ – АДАЛ ТАБЫС: ШҚУ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТЕРІМЕН ӨТКЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжінде білім алушылар арасында «Адал азамат – адал табыс» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен адалдық сағаты өтті.

Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша бірлестік директоры Жомарт Манаков қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мен оның алдын алу бағытындағы маңызды мәселелер жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, жастарды қоғамдық өмірге белсенді араласуға және ерікті болуға шақырды.

Сонымен қатар, университеттің комплаенс офицері Қайнар Жексембаев білім алушыларды оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік құжаттарымен таныстырып, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Іс-шара мазмұнды өтіп, жастардың бойында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталды.