2 Қазан 2023


ТҮРІК ПРОФЕССОРЫ ШҚУ-ҒА КЕЛДІ

Академиялық ұтқырлық аясында IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің экология және география кафедрасына Улудаг университетінің Білім және әлеуметтік ғылымдар институттарының профессоры, PhD доктор Эмин Атасой келді.
Ол 60-тан астам оқулық пен 250 ғылыми басылымдардың авторы. Түрік профессоры «Географияда инновациялық технологияларды қолдану әдістерімен білім беру процесінің тиімділігін арттыру» бағыты бойынша дәріс сабақтарын өткізеді. Дәрістеріне кафедраның магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысады. Айта кетейік, 29 қыркүйекте Атасой мырза жоғары рейтингті журналдарға ғылыми мақалалар жазу бойынша мастер-класс өткізді. Сонымен қатар, докторлық диссертацияға дайындық бойынша докторанттарға кеңес берді.