10 октября 2025


АЛЬМА-МАТЕР ЖЕҢІМПАЗҒА ГРАНТ ТАБЫСТАДЫ

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің 9-сынып оқушысы Айым Асанқызы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті ұйымдастырған жас жол инспекторларының халықаралық слетінде жеңімпаз атанды.

Бұл жеңіс – жас ұрпақтың тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке деген жоғары көзқарасының айқын көрінісі. Өзінің табандылығы мен белсенділігінің арқасында Айым зор жетістікке жетіп, қатарластарына үлгі болды.

Дарынды жастарды қолдау мақсатында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Айым Асанқызына «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша оқу грантын табыстады. Бұл шешім оның бүгінгі жетістігінің заңды жалғасы болып, болашақ кәсіби жолына сенімді қадам жасауға мүмкіндік берді.

Айым өз елінің тыныштығын қорғап, заң мен тәртіпті сақтауға бағытталған қызметті өз өмірлік мұратына айналдыруды армандайды. Осындай мақсатты жастарды қолдау – қоғам мен білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі.

Университет ректоры Мұхтар Төлеген жеңімпазды құттықтап, оған алдағы білім мен өмір жолында табыс тіледі.