13 октября 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ «БАСТАПҚЫ ДЕҢГЕЙГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ӨТУДЕ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен «Қазмырыш» түсті металлургия кәсіпорны арасындағы келісім-шарт негізінде 2025 жылғы 9-қыркүйектен бастап кәсіпорын қызметкерлеріне арналған «Бастапқы деңгейге арналған қазақ тілі» оқу бағдарламасы бойынша оқыту курстары өткізілуде.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – орыс тілді аудитория өкілдерінің қазақ тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәдени-танымдық және кәсіби-коммуникативтік қызметін меңгерту болып табылады. Сонымен қатар бағдарлама тыңдаушылардың қазақ тілінде қарапайым деңгейде сөйлесу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын дамытуға, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Курс барысында тыңдаушыларға өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың тиімді әдістемелері, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен заманауи оқыту тәсілдері ұсынылуда.

Оқыту үдерісін университеттің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының білікті оқытушылары – қауымдастырылған профессор Сәуле Тұрсынқызы Садыкова, сениор-лекторлар Раушангуль Закеновна, Халима Магауяновна Жоканасова және Айман Маутхановна Сапанова жүзеге асыруда.

Курсқа барлығы 116 тыңдаушы қатысуда, олар 8 оқу тобына бөлінген.

Сабақтар аралас форматта (онлайн және офлайн) ұйымдастырылған. Оқу барысында ай сайын тыңдаушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімі жөнінде, оның ішінде алдын ала, аралық және қорытынды тестілеу нәтижелері бойынша есептер ұсынылып отырады.